Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан көз жұмды

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

Қазақстанның шаңғы жарысының ұлттық федерациясы Instagram -дағы парақшасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботько қайғылы оқиға салдарынан көз жұмғаны хабарланды.

«Барша спорт қоғамдастығы атынан Николайдың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - деп жазды федерация өкілдері.

Сонымен қатар Olympic.kz сайтында әлем чемпионатының қола жүлдегері 38 жастағы Николай Чеботько 24 қаңтарға қараған түні Бурабай ауылы маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмғаны хабарланды.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады», - деп жазылған сайтта.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы. Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Николай Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енген. Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Бурабай, Спорт,
Жоғары қарай