Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тамара Дүйсенова ақтөбеліктерге «е-Өтініш» ақпарат жүйесінің артықшылығын түсіндірді

2021 жылдың 12 маусым 2021 05:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс пен «е-Өтініш» электронды ақпараттық жүйесінің артықшылығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сонымен қатар, аудандар мен ауылдық округтердің әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған​ азаматтардың өтінішін жедел әрі тиімді қарауға арналған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

«Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында жергілікті атқарушы органдар 2,5 мыңдай қызметкерге «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінің жұмысын үйретті. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында облыста 16 фронт-кеңсе жұмысын бастады»,- деді Оңдасын Оразалин.

ҚР Президенті көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова ҚР жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі жайында жан-жақты айтып берді.

«Жаңа кодекс – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының базалық нормативті құжаты. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекеттік органдардың өтініш берушілермен жұмыс парадигмасын түбегейлі ауыстыруды көздейді. Атап айтқанда, өтініш беруші өз өтінішінің қаралу барысын «е-Өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қарап отыру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, ол дәлелдерді ұсынып, олардың зерттелуіне қатысады, соның ішінде түсіндіріп, қажет құжаттарды көрсете ​ алады»,- деді Тамара Дүйсенова.

Жұмыс тобы осы тақырып бойынша Ақтөбе қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен де кездесті.

Бұдан өзге «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының ғимаратында қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесу өтті.

Сондай-ақ, жұмыс тобы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де болып, студенттерге қызмет көрсету орталығын қарады.

Күннің екінші жартысында ҚР Президенті көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова бастаған жұмыс тобы Қарғалы ауданына барып, Петропавл, Бадамша ауылдарында ауылдық округ әкімдерімен және тұрғындармен кездесті. ​

Бұдан өзге, жұмыс тобының мүшелері екі ауылдағы «е-Өтініш» ақпарат жүйесі және Петропавл және Қосестек ауылдарындағы «Сервистік әкімдіктің» жұмысымен танысты.

















Жоғары қарай