Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тәлібтер батыс әскерін Ауғанстаннан достық шарттары негізінде шығарылуын талқылап жатыр

2021 жылдың 21 тамыз 2021 11:15

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Тәлібтер келіссөздер барысында батыс әскерін Ауғанстаннан достастық қарым-қатынаста шығару мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің жазуынша, тәлібтер өкілі алдағы аптада Ауғанстанды басқарудың жаңа жүйесі ұсынылатынын мәлімдеді. Тәлібтер өкілі Ауғанстандағы басқарудың жаңа үлгісі барлық тұрғындардың құқығын қорғауға бағытталатынын айтты.

Сондай-ақ Reuters тәлібтер өкілі олардың Кабул әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысы жоқ екенін мәлімдегенін жазды.


Басты сөздер: Әлем, Қоғам, Ауғанстан,
Жоғары қарай