Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Талғарда ата-аналардан ақша жинаған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді

2022 жылдың 5 мамыр 2022 11:38

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар аудандық білім бөлімі мектептегі сыныптың жөндеу жұмысына ақша жинаған деректі тексеріп, сол білім мекемесінің директоры мен сынып жетекшісіне қатаң сөгіс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 4 мамыр күні әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы Бесағаш ауылындағы №29 мектептің 8 сынып ата-аналарының ақша жинау фактісі бойынша аудиожазба жарияланды.

Бұл жерде бір оқушының анасы өзге ата-аналарға сыныптың жөндеу жұмысына 1 мың теңгеден ақша өткізуді сұрайды.

Осыған байланысты Талғар аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы ата-аналармен кездесті.

«Кездесу барысында жылда мектептің жөндеу жұмысына бюджеттен ақша бөлінетіні ескертіліп айтылды. Мәселен, қазіргі уақытта 33 мектептің уақытша жөндеу жұмыстарына 24 млн 800 мың теңге ақша бөлінген. Осындай жайтқа жол бергені үшін аталған мектептің директорына қатаң сөгіс берілді» делінген Алматы облыстық білім басқармасының ресми хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сынып жетекшісіне де сөгіс беріліп, ол қызметінен шеттетілген.


Жоғары қарай