Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Талғар өзенінде балықтардың қырылу себебі тексерілуде

2020 жылдың 28 мамыр 2020 13:25

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Талғар өзенінде балықтар қырылу оқиғасына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы территориясында ағып жатқан Талғар өзенінде балықтардың қырлу оқиғасы тіркелген. Қырылған балықтардың видеосын экологиялық белсенді Ольга Гумирова Facebook парақшасында жариялады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман және малшаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 27 мамырда Алматы облысы Қапшағай қаласы территориалдық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары оқиға орнына барып, тексеру жүргізген.

«Талғар өзенінің суын тексеру кезінде Базаркелді ауылы тұсында балық қырылғанын анықтадық. «Казгидромет» РМК зертханалық сараптама жасау үшін сынама алды. Департамент пен облыстық территориалдық жануарлар әлемі және орман шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді ол.




Жоғары қарай