Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғандағы жарылыс: Әскери қызметші кішкентай екі қызды қалай құтқарғанын айтып берді

2020 жылдың 28 қараша 2020 18:45

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда оқыс оқиғаға куә болған әскери қызметші 8 және 10 жасар қыздарды жанып жатқан үйден қалай құтқарғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азамат Ниязов есімді тұрғын жарылыстың дауысын алғашқылардың бірі болып естігенін айтады. Екі кішкентай қызды жанып жатқан үйден өзі шығарған.

«Кешкі жеті жарымдарда дүкеннен келе жаттым. Жарылыстың дауысын естідім. Көршімнің үйі өртеніп кетіпті. Жанып жатыр екен. Ішінде екі бала, астында тағы бір адам қалып қалған. Басқаларын шығарып алған. Айғайлап жатқан дауысқа барып, сол жерден балаларды алып шықтым», - дейді Әуе қорғаныс күштері 21751 әскери бөлімінің қызметкері Азамат Ниязов.




Айта кетейік, Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылды. Оқиғадан зардап шеккен 8 адамның алтауы жансақтау бөлімінде жатыр. Оларға Алматыдан санавияциямен жетекші травматолог-комбустиолог дәрігер жеткізілді.

Қазір денесінің 98 пайызы күйген 14 жасар бала мен 48 жастағы науқас арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыр.

Төтенше жағдай қызметінің ресми мәліметіне сенсек, газ балонмен тұрғын қойдын басын үйітіп, жөнді жанбаған соң баллонды үйдегі пештің жанына жылытуға қойған.

Артынша жарылыс болған.





Жоғары қарай