Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Талдықорғанда төтенше жағдай тәртібін бұзған қоғамдық монша иесіне айыппұл салынды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 20:34

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы орталығының тұрғыны еліміздің аумағында жарияланған төтенше жағдай тәртібін бұза отырып, өзіне тиесілі қоғамдық моншасының қызметін тоқтатпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тексеру кезінде моншада көп адамның бар екені анықталды. Моншаның иесіне ҚР ӘҚбК 476-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық соты ТЖ жағдайында құқық бұзушыны 5 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды», - деді Талдықорған қалалық пролиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары барлық тұрғындарды тез таралатын қауіпті індетке және еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бекітілген ережелерді қатаң сақтауға, халықтың жаппай ауру жұқтыруына жол бермеуге шақырады.

«Әр адам бұл мәселеге өте жауапты қарауы тиіс. Кез келген қателік орны толмас қайғы мен талай жанның өліміне алып келуі мүмкін. Індетті жеңу мен халқымыздың амандық-саулығы әрқайсымызға байланысты екенін ұмытпау қажет. Өйткені, ауру қателік пен кемшілікті кешірмейді», - деді қаланың бас полицейі Асқар Нұрсапа.


Жоғары қарай