Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 448.01
EUR 495.86
RUB 5.64
CNY 63.19

Талдықорғанда сервистік әкімдік ашылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 15:30

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында «Open Taldykorgan» фронт-офисі жобасының ғимараты пайдалануға берілді.

Жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сервистік әкімдік» жобасының қағидалары мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарды бір жерге шоғырландыру және азаматтар үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатын көздейді. 170 мың тұрғыны бар облыс орталығындағы заманауи кеңседе қала әкімдігіндегі бөлім өкілдері орналасып, 450-ден астам қызмет көрсететін болады. Халық қаланың әр аймағында орналасқан бөлімдерді іздеп сандалмай, барлық мамандарды бір жерден тауып, жұмысын жылдам бітіруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ сервистік әкімдікте мемлекеттік қызметтерді көрсету барысындағы жемқорлық тәуекелдері толықтай жойылады», дейді мемлекеттік қызметкерлер.





Жоғары қарай