Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Талдықорғанда мемлекетке 21 млн теңге шығын келтірген браконьерлер ұсталды

2019 жылдың 14 наурыз 2019 16:51

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында мемлекетке 21 млн теңгеден астам шығын келтірген браконьерлер ұсталды. Оңай олжаға кенелгісі келгендер тура Талдықорғанға кіреберіс тұста қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңсыз балық аулағандар төрт жарым тоннаға жуық көксерке балығын Сарқан ауданындағы Мұқан Төлебаев ауылынан әкеле жатқан. Үштөбедегі балық зауытына өткізуді мақсат еткендер өздерін тек «жеткізушіміз» деп ақталды. Енді бұл істің басында кімдердің тұрғаны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Ал тәркіленген балық Қаратал ауданындағы зауытқа өткізіліп, түскен қаржы мемлекет қазынасына құйылады.

«Бүгінгі күнде Алматы облысы бойынша балық аулауға лимиттер берілмеген. Осыған байланысты мұнда әр органның өкілі жүргендіктен бұл балықтарды алып келе жатқандығы заңсыз екендігіне көзіміз жетіп тұр. Бұл 2019 жылғы екінші оқиға. Алдында екі 50 келі балықты тәркіледік. Ол жерде әкімшілік заңбұзушылыққа байланысты 10 млн теңгеден астам қаржы мемлекеттің пайдасына төленді», - деді Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызметі мекемесінің директоры Қайрат Ақашев




null

Мамандардың айтуынша, төрт жарым тоннаға жуық балықтан мемлекетке 21 млн 737 мың 22 теңге шығын келтірілген. Ал заңсыз ауланған балықты сатпақшы болғандарды Алматы облыстық жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел қызмет арнайы рейд барысында ұстады. Браконьерлерді құрықтауға жол сақшылары да көмектесті.




null


null

Жоғары қарай