Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 410.70
EUR 465.28
RUB 5.80
CNY 58.81

Талдықорғанда коронавирус жұқтырғандар саны 78-ге жетті

2020 жылдың 31 мамыр 2020 12:06

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың тағы 4 жағдайы тіркелді.

Оның 3-еуі Талдықорған қаласында, 1 жағдай Қапшағай қаласында орын алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1947, 1953, 1955, 1989 жылы туған науқастар ауруханада профилактикалық тексеруден өткізілген. Олардан коронавирус инфекциясы анықталған соң оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Айта кетейік, Талдықорған қаласында коронавирустың алғашқы жағдайы 14-ші мамырда тіркелді.

Сол уақыттан бері індетті жұқтырғандар саны 78 адамға жетті.

31 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырған 353 адам тіркелген, оның 182-сі толығымен емделіп, ауруханадан шығарылды.


Жоғары қарай