Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда газ жарылысы: Ауыр халде жатқан 4 науқасқа Алматыдан дәрігер жеткізілді

2020 жылдың 27 қараша 2020 13:18

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллон жарылысынан жарылысынан зардап шеккен 4 науқасқа санавиация арқылы Алматыдан арнайы маман жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада жатқан 4 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлермен 4 консилиум өткізілді. Республикалық санавиация арқылы Алматыдан жетекші травматолог-комбустиолог келді. Барлық медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық техникамен қаматамсыз етілген», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова.




Ресми өкілдің мәліметінше, жағдай Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жеке бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында жер үйлердің бірінде газ баллон жарылып, 8 адам зардап шекті.

Төтенше жағдайлар қызметінің болжамы бойынша, баллон пештің жанында тұрған.

Жарылысқа осы жағдай себеп болуы мүмкін.

Зардап шеккен 8 адам жедел түрде Талдықорғандағы 3 ауруханаға жеткізілді. Оның төртеуінің жағдайы өте ауыр.


Жоғары қарай