Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Талдықорғанда автобустар күн сайын дезинфекцияланады

2020 жылдың 13 наурыз 2020 20:52

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда автобустар бұдан былай күн сайын залалсыздандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында қазір жеті тасымалдаушы кәсіпорын бар. 26 бағыт бойынша 184 автобус халыққа қызмет көрсетуде. Тасымалдаушыларға автобустарды тәулігіне бір рет залалсыздандыру міндеттелген. Жұмыс аяқталғаннан кейін әр автобустың іші-сырты жуылып, арнайы залалсыздандырғыш қоспалармен өңделеді.

Бірер күнде автобустарды антисептикалық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі де қарастырылған.

«Қазіргі уақытта залалсыздандырылатын заттар алынды. Бір айға жеткілікті. Бүгіннен бастап күнде бір рет көлікті жуумен қатар, ішкі салон да толықтай залалсыздандырылады», - дейді жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Данияр Қанаев


Жоғары қарай