Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Талдықорғанда 8 жасар баланы өлімші етіп сабаған өгей әке 10 жылға сотталды

2020 жылдың 16 шілде 2020 16:55

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 8 жасар баланы ұрған өгей әке 10 жылға сотталды. Істі қараған Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігінің 3,4,11 тармақшалары бойынша айыпталған Денис Гревцевті 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шықты» делінген Алматы облысы №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ сот баланың өмірін сақтап қалған Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлерін мадақтау жөнінде шешім шығарды. Себебі дәрігерлер баланың өмірін аман алып қ алу үшін бір ай бойы арпалысқан.

Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар баланың өгей әкесі баланы ұрып-соққанымен қоймай, көзіне тұз сепкен. Жансақтау бөліміне түскен 8 жасар ұлын азаматтық некедегі күйеуі қалай соққанын баланың анасы Нина Шелипова айтып берген болатын.


Жоғары қарай