Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Талдықорғанда 7 балалы отбасыға кәсіпкер баспана сыйлады

2020 жылдың 29 наурыз 2020 22:07

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда 7 балалы Оксана Сарыноваға кәсіпкер баспана алып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпбалалы ана Талдықорған қаласына қарасты Мерекелік саяжайында тұрған. Қабырғасы қопарылып түсіп, көгеріп, құлаудың сәл алдында тұрған бір бөлмелі үй оларға пана болды. Оксананың айтуынша, олардың тамақтанатын да, жататын да жері сол бір бөлме. Оның өзін жалдап тұрған.

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа мүшкіл халін жеткізген Оксана арман еткен баспанасына қол жеткізді. Шаһар басшысы көпбалалы анаға көмек қолын созу үшін талдықорғандық кәсіпкер Қайрат Майликовке демеушілік қолдау көрсетуін сұраған. Осылайша, кәсіпкер 7 балалы отбасыға баспана сыйлады.


Жоғары қарай