Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда 23 жастағы жүкті әйелден коронавирус анықталды

2020 жылдың 1 маусым 2020 10:22

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында COVID-19 инфекциясы тағы 8 адамнан анықталды. Оның 5-еуі – Талдықорған қаласында, 3-еуі Алакөлде тіркелді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007, 1981, 1981, 1993, 2018, 2016, 1990 жылғы азаматтар бұрын коронавирус инфекциясымен ауырған адаммен байланыста болған, ал 1997 жылғы жүкті әйелдің науқасы профилактикалық тексеруден өту барысында белгілі болған. Талдықорғандық әйел жүктіліктің 29-шы аптасында.

Науқастардың барлығы осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы, Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 361 адам тіркелген, оның 182-сі толықтай емделіп шықты.

Ал 14 мамырда алғаш коронавирус тіркелген Талдықорған қаласында індетті жұқтырғандар саны 83 адамға жетті.


Жоғары қарай