Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда 10 жылдан бері үй кезегінде тұрған 5 мыңнан астам адам тізімнен шығып қалды

2021 жылдың 27 сәуір 2021 22:29

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда 10 жылдан бері үй кезегінде тұрған 5 мыңнан астам адам тізімнен шығып қалды. Ал кей тұрғындардың кезектері кері жылжып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, Бақыт Жамалова мүгедек баласын асырап отырғанын айтады. Ол 12 жыл бұрын үй кезегіне тұрған. Жылда-жылда кезектері ел қатарлы жылжып жатқан. Бірақ аяқасты кезектен мүлдем алып тастапты. Шарасыз қалған ана мүгедек балам жазылып кеткен жоқ, құқығымды таптап жатыр деп күйініп тұр.

«Мен үй кезегінде 315 болып тұрғанмын. Қазір 150-ші болу керекпін. Сызып тастаған. Себебін ешкім түсіндірмейді. Мен талап етемін, кезегімді қалпына келтірсін», - дейді ол.

Ал тағы бір тұрғын кезегінің кері жылжып кеткеніне ашулы.

«Келіп тексертсем, мені 5560-қа лақтырып тастапты. Кері жылжытқан. Мен аптасына үш рет диалезге барамын. Жанымдағы адамдар шетінен көз жұмып жатыр. Денсаулығыма байланысты мен бес мың бәленбайыншы кезекті күте алмаймын, өліп қаламын. Талабым келекті қалпына келтірсін», - деді бірінші топтағы мүгедек Раушан Тұрсынова.

Ал халықты шулатып жатқан тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімдегілер 5 мыңнан астам адам үй кезегінен сызылып тасталды деді. Себептері әртүрлі. Бірінің басында үйі бар, бірінің мекенжайы ауысқан. Ал кезектері алдыға емес, керісінше артқа жылжып кеткендер заңсыз үй кезегінде тұрғандар деп өз кәніларын мойындап қойды.

«Осы категориялар заңсыз болып келген. Бұл жерде тұрғындарды кәнілап тұрған жоқпыз. Бұл кісілерге де дұрыс ақпараттандыру жүргізіп жатырмыз. Бұл кезектердің барлығы 2004 жылдан бастап жүріп келген. Барлығына осы азаматтарға қолдарына справка беріліп келген. Сіз 20-шы тұрсыз деп, сіз 1000 тұрсыз деп», - деді Талдықорған қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Данияр Оразов.



Данияр Оразовтың сөзінше, бұған дейін тұрғындарды 19 санат бойынша үй кезегіне қойып келген. Енді электорнды базаға енгізу үшін санаттар біріктіліп, 6 санат ғана қалған. Сол себепті тұрғындардың кезегі алдыға емес, керсінше артқа жылжып кеткен.



Ал, бірі кезектен мүлдем сызылып, бірінің кезегі артқа жылжып жатқан тұрғындар барлық былыққа әкімдіктегілердің өздері кәнәлі дейді. Заңды түрде кезекке тұрдық, енді барлығын қалпына келтірсін, ойларына келгенді істеуге жол бермейміз деп ашулы. Шырылдап қалған жандар үй кезегіне дұрыс қоймаған әкімдіктегілер жауапқа тартылсын деп талап қоюда.


Жоғары қарай