Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды

2021 жылдың 21 маусым 2021 08:33

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған маңында көлік апатынан екі адам мерт болды. Оқиға Көксу ауданының Алғабас ауылының маңында болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 маусым күні сағат 22:50 шамасында Алматы-Өскемен тасжолының 225-шақырымында көлік апаты болды.

«Митсубиси Галант» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі арақашықтықты сақтамай «Скания 124» жүк көлігіне соғылған.

«Митсубиси Галант» көлігінің жолаушысы мерт болды.

Осы көліктегі тағы бір адам ауруханада жан тапсырды.

«Осы жеңіл автокөліктің тағы екі жолаушысы түрлі дене жарақатымен емдеу мекемесіне түсті. Қазір аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.


Жоғары қарай