Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Талдықорған дәріханаларында вирусқа қарсы дәрі-дәрмек екі есе қымбатқа сатылғаны анықталды

2020 жылдың 10 шілде 2020 21:32

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған дәріханаларында вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер екі есе қымбат бағаға сатылғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында бірнеше дерек анықталып, нәтижесінде негізсіз баға өсірген дәріханалар тиісті жауапкершілікке тартылды.

«Естеріңізге салып өтейін, қалада жұмыс істейтін барлық дәріханалар тексеруден өтеді. Атап айтқанда, соңғы шара кезінде дәріханалардың бірінде «Ингавирин-90» вирусқа қарсы дәріні тиісті құжатсыз және екі есе қымбатқа сатқаны анықталды», - деді Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа.

Оныфң айтуынша, бүгінгі күні жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді тұрғындарға жоғары бағада саудалаған бірнеше дәріхана әшкереленді.

«Бұл жеке деректер емес екеніне сенімім мол. Біздің басты міндетіміз - азаматтарға медициналық қызмет көрсететін адамдар мен ұйымдар тарапынан заңсыз іс-әрекеттерді болдырмау, олардың жолын кесу. Өкінішке орай, тәжірибе көрсеткендей, мұндай ұйымдар, фирмалар мен жеке тұлғалар арасында қазіргі қиын жағдайды пайдалана отырып, «қалта толтыруды» немесе бизнес жасап қалуды ойлайтын адамгершілігі төмен жандар кездеседі», - деді Асқар Нұрсапа.


Жоғары қарай