Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Таиландтағы турнирде қазақстандық үш боксшы «алтын» алды

2022 жылдың 9 сәуір 2022 15:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өткен Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық боксшылар үш алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан Серик Теміржанов (57 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Айбек Оралбай (91 келі) алтыннан алқа тақты.

Ал Сұлтан Мусинов (63 келі) және Асланбек Шымбергенов (69 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Сағындық Тоғамбай (91 келі) және Санатәли Төлтаев (63 келі) қола медаль алды.

Аталған турнирде 52 келіде Сәкен Бибосынов, 75 келіде Тимур Нұрсейітов жарыстың түрлі сатысында жарыс жолынан шығып қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық 5 боксшы финалға шыққанын хабарлаған едік.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай