Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тағы 3 өңір мектептерінде оқулар тоқтатылды

2021 жылдың 25 ақпан 2021 07:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты тағы үш өңірде мектеп оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында -27 градус аязға байланысты 0-9 сынып аралығындағы (бірінші ауысым) мектеп оқушылары қашықтан оқитын болады.

Қарағанды қаласы білім бөлімінің мәліметінше, боранға байланысты бірінші ауысымның 0-11 сыныптарындағы сабақтар тоқтатылып, қашықтан өткізіледі.

Сондай-ақ бүгін Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып балалары қашықтан оқиды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында мектеп оқушылары онлайн оқуға көшірілген болатын.

Синоптиктер 25-27 ақпан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяздар сақталатынын ескертті. Сондай-ақ жекелеген өңірде қар жауып, боран соғатыны айтылды.



Жоғары қарай