
Ыстанбұлда түркі мемлекеттерінің БАҚ саласындағы ынтымақтастығы талқыланады
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Ыстанбұлда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ақпарат және БАҚ-қа жауапты министрлері мен жоғары лауазымды тұлғаларының төртінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Anadolu» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Түркия өз университеттерінде стипендиялар ұсынуға уағдаласты
АНКАРА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында екі ел үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістанда түркі мемлекеттерінің мүфтилері бас қосты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Келелі басқосуда түркітілдес елдердің ортақ мұраларын дәріптеу мен Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау мәселелері талқыға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Түркі Академиясына қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Түркі академиясын қаржыландыруға бюджеттен 1 млн доллар бөлінді – Асхат Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық Түркі академиясын қаржыландыру үшін ел бюджетінен 1 млн доллардан астам қаржы бөлінді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс Түркі академиясын орналастырудың шарттарына қатысты заң жобасын мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы Түркі академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының екінші диаспора форумы өтіп жатыр
БУРСА. ҚазАқпарат - 28-30 наурыз аралығында ТҮРКСОЙ ұйымы жоспарға сәйкес түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланған Бурса қаласында екінші диаспора форумын, екінші диаспорааралық тәжірибе алмасу бағдарламасын және Наурыз мерекесін ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Мевлют Чавушоглу: Біз үшін бауырлас қазақ халқының тыныштығы мен бақыты өте қымбат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу экономика және білім беру салаларындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілері жайлы әңгімелеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мажарстандағы жылқы тарихына қатысты көрмеде Ботай мәдениеті таныстырылды
БУДАПЕШ. ҚазАқпарат - Будапештте Мажарстан Жаратылыстану тарихы мұражайы мен «Мажар-Тұран» ХҚ ұйымдастыруымен жылқыны қолға үйрету тарихы мен эволюциясына арналған көрме ашылды. Шараға ҚР Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдірашов, сала мамандары мен ғалымдар, дипломаттар қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат халықаралық қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның бұрынғы премьер-министрі Түркі академиясының медалімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің Түркия тарапынан мүшесі Бинали Йылдырым Халықаралық Түркі академиясына арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анкарада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шара өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркия астанасы Анкарада «Елбасы – түркі ықпалдастығының сәулетшісі» тақырыбында халықаралық конференция өтіп, Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай