
Ақмола облысында «Еңбек» бағдарламасы арқылы 21,4 мың жаңа жұмыс орны құрылған
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 21,4 мың жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына сілтеме жасап.

Индустрияландыру: Машина жасау саласында қандай жобалар жүзеге асырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Машина жасау саласын дамыту шикізаттың экономикадан инновациялық экономикаға көшудің басты көрсеткішінің бірі екендігі белгілі. Өйткені күрделі машиналар мен құралдар өндірісі экономикаға тиімді әсер етіп, оның сапалы әртараптануына жол ашады. Бұған қоса машина жасауда құрылған бір жұмыс орны автоматты түрде аралас салаларда 5-6 жұмыс орнын құратындығы да бар. Міне осыған орай елімізде машина жасау индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде айқындалған болатын.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалар кепілдендіріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан, ішкі нарықтың зор мүмкіндіктерін әлі де болса толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз. Өңделген тауарлардың үштен екісіне жуығы шетелден әкелінеді», - деген болатын.

Қостанай облысының индустриялық аймағына теміржол салынады
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанайдағы индустриялық аймаққа теміржол тарту жұмысы аяқталып қалды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Олжас Сапарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен БАӘ 6,1 млрд доллардың инвестжобаларын іске асыруға келісті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Әбу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистика, агроөнеркәсіп, мұнай химиясы, ғарыш, тау кен металлургиясы, энергетика және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастық келешегін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кентау трансформатор зауытында дәнекерлеуші робот жұмыс істей бастады
КЕНТАУ. ҚазАқпарат - «Кентау трансформатор зауыты» АҚ өндіріс ошағында бір уақытта 6 адамның жұмысын атқара алатын, жапондықYaskawa Motoman дәнекерлеуші роботы іске қосылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

TURKISTAN арнайы экономика аймағында 408 млрд теңгенің жобасы іске асырылады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының орталығында құрылған «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағында» 20 компания жалпы құны 408 млрд теңге болатын 23 жоба іске асыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ғалымдар қазақ сөздерін автоматты түрде танитын технологияны жасап шығарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) қазақ тілі мен сөзін автоматты түрде тану жобасын іске қосты. Оның көмегімен қазақ тілін жаһандық цифрлық әлемге белсенді енгізуге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индустрияландыру картасы: Табысты жоба өңдеуші өнеркәсіпті дамудың жаңа траекториясына шығарады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елімізде 2020-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасы жобалары іске асырылып жатқаны белгілі. Ал өнеркәсіптің түрлі секторларын қамтитын Индустрияландыру картасы облыстардың ерекшеліктері мен бәсекелестік артықшылықтары ескеріле отырып жасалған. Осы карта аясында биыл өңірлерде жалпы сомасы 995 млрд теңгені құрайтын 206 жобаны іске қосу жоспарланған. 18 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай