
Дана Пашан: Латын әліпбиі тіліміздің жаңғыруына жақсы ықпал етеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тілі графикасының латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етеді. Мұндай пікірді А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл тарихы және диалектология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Дана Пашан білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Латыннегізді әліпби қазақ тілінің табиғи үнін қалпына келтіруі тиіс – Аяужан Таусоғарова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен айда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтіп, ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпби жобасы таныстырылған болатын. Осыған орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Аяужан Таусоғарованың қазақ тілін кирилицадан латын әліпбиіне ауыстыруға қатысты пікірін білген едік.

«Ш» – бір таңба, «ч» – мүлде жоқ: Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне қандай өзгеріс енгізіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің тіл ғалымдары әзірлеп, 9 қарашада Президенттің қарауына ұсынған соңғы нұсқасына қандай өзгерістер енгізілді? Онда қазақ тілінің дыбыстары толық қамтылды ма? Үкімет жанындағы Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне қатысты қорытындысы қашан шығады? Бұл сұрақтарды ҚазАқпарат тілшісі Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовке жолдап көрген еді.

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өту арқылы жаңа технологияны меңгереміз – Владимир Чепель
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өту – жаңа технологияларды игеруге көмектесіп, оған қоса ағылшын тілін меңгеруге де көмегін тигізеді. Алматы облысы Ақсу ауданы Қапал ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Владимир Чепель осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Латын қарпіндегі қазақ әліпбиі: Ұлттық пернетақта қандай болуы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде компьютер мен ноутбукты күніне мыңдаған адам пайдаланады. Алайда қолданып жүрген пернетақтамыз бізге қаншалықты ыңғайлы екенін ойланып көрдік пе? Жалпы ағылшынның QWERTY немесе орыстың ЙЦУКЕН тәртібіндегі пернетақтасы (пернетақтаның сол жақ бөлігіндегі алғашқы 6 әріпті оқығаннан шыққан атау) тек сол тілде жазатын азаматтардың ыңғайына қарай жасалған. Ендеше қазақтың ұлттық пернетақтасы қандай болуы керек?

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жүйелі жүргізілуде – Вице-министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 2014 жылдан бері этномәдени бірлестіктер жанында мемлекеттік тіл мен әр этностың өз ана тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін осындай оқыту курстарынан 81% этнос өкілдері оқудан өтіпті. Бұл туралы «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ортақ түркі әліпбиінің мәселелері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 17 қыркүйекте «Түркі әлемі: тілдік ахуал, латын әліпбиі және әдістеме» тақырыбында онлайн режимде халықаралық семинар-кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш орталықтың Қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйек пе, әлде, қыргүйек пе – профессор Құралай Күдеринова «дәстүрлі дауға» нүкте қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қыркүйек пе, әлде, қыргүйек пе? Жаңа оқу жылы басталған сайын «к» мен «г» әрпі «тартысып, шарпысып» қалып, ақыры «итжығыс түсіп» жатады. «Дәстүрлі дауға» тіл мамандары нүкте қойғандай болғанымен, келесі жылы бұл сөз тартыстың қайта өршитін әдеті бар. Бұл жолы осы сұраққа А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Құралай Күдеринова жауап берді.

Ұлттық комиссияның жұмыс тобы латын графикасына көшу мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан хабарлады.
«ҚазАқпаратқа» - 100 жыл: Қазақстандағы алғашқы латынша сайт қалай ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау және оның қолданыс аясын арттыру ісінде ақпарат құралдарының алар орны айрықша екені белгілі. Бұл ретте, әсіресе, мемлекеттік тілдегі ақпарат құралдарының ел тәуелсіздігінен бұрын да, одан кейін де атқарып отырған қызметтерінің маңыздылығын ерекше атап өтпеске болмайды. Сонау ұлт тілінің дамуына әртүрлі тосқауылдар қойылған кеңестік қытымыр заманның өзінде де отаршылдық саясаттың қатаң бақылауынан айналып өтіп, қалың жұртшылықтың санасын серпілтуге, тілі мен ділін сақтауға, төл тарихын білуге қолдан келген көмегін аямаған, неше қилы журналистік тәсілдерді қолдана отырып, елдің көңілін мазалап жүрген талай сұрақтарға жауап беруді мақсат тұтқан жампоздар да – дәл сол қазақ тілді ақпарат құралдары еді.

Латынға негізделген қазақ әліпбиін жетілдіруге бүкіл қоғам атсалысуда - Әділбек Қаба
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының отырысы онлайн жүйеде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтанда жазушылар жаңа әліпби жобасын талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың латын графикасына негізделген әліпбиді жетілдіру туралы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалында жазушылар мен ғалымдар арасында әліпби талқыдан өтті. Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың тәуелсіз сарапшылармен өткен кездесудегі ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурызда латын әрпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы мақұлданады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Наурыз айында латын әріпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы нұсқасы мақұлданады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қаба айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалымдар латын негізді қазақ әліпбиіне қандай талап қойып отыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматыда «Латын негізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» атты кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай