
Оқулықтарды қазақ тіліне аударған кезде қай елдің тәжірибесіне көңіл бөлінді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтардағы теория ағылшын тілінен аударылғанмен, практикалық мәселелер Қазақстанның тәжірибесіне сүйеніп жазылды. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы Ұлттық аударма бюросының жұмысы туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 77 кітап аударылды – Рауан Кенжеханұлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2017 жылдың сәуір айынан бері 77 оқулық қазақ тіліне аударылып, еліміздегі 132 жоғары оқу орындарының кітапханаларына жеткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы Ұлттық аударма бюросының жұмысы туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

100 жаңа оқулық: Әр оқулық 10 мың данамен шығарылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулық еліміздегі 132 оқу орнына таратылады. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің қоры мыңға жетуі керек - Шерубай Құрманбайұлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің қоры мыңға жетуі керек. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

100 жаңа оқулық: Жыл соңына дейін 23 кітап аударылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тіліне аударылған 23 оқулық жыл соңына дейін еліміздің жоғары оқу орындарына таратылады. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«100 жаңа оқулық» жобасы биыл мәресіне жетеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2017 жылы басталған «100 жаңа оқулық» жобасы мәресіне жақындап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық: прагматизм мен сананың ашықтығына апарар жол» тақырыбында өткен онлайн конференцияда айтылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған, онда қазақстандық қоғамның дамуының бірегей беталысы көрініс тапқан. Ұлттық деңгейдегі ауқымды жобада қамтылған шаралар мен оны іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы толығырақ Рrimeminister.kz шолуынан оқыңыздар.

100 жаңа оқулық жобасы қазақ тіліндегі кітап индустриясына серпін әкеліп жатыр - Мұхтар Сеңгірбай
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылғалы бері 2 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында әлемдік деңгейде танымал 48 кітап қазақ оқырмандарына жол тартты.

«100 жаңа оқулық» -түбегейлі қозғалыс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Тура осы заңдылық бойынша ілім-ғылымның да негізгі тілі – ағылшын тілі. Ғылыми жұмыстар, жаңалықтар, зерттеулер әуелі осы тілде жарияланады. Қайбір кездері осы тілдердегі білімді алу үшін тілді меңгеру, шетелге барып оқу керек болды. Ал қазір ше?

Қазақстан өз әдеби мұрасын әлемдік мәдениеттің алтын қорына қоспақ - шетелдік аудармашылар
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Презденті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан халқының білім, өнер, әдебиет және тарих саласында жаңғыруына мүмкіндік берді. Осындай ойымен бүгін алғашқы 60 автордың әлем тіліне аударылған кітаптарының тұсаукесерінде Кембридж университеті Халықаралық серіктестік бөлімінің жетекшісі Энни Мишейлидоу бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбектері БҰҰ 6 тіліне аударылатын келесі авторлардың тізімін жасау ұсынылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ авторларының әдеби шығармаларын әлемнің 6 тіліне аудару жобасы жалғасын табатын болды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен тұсаукесер шарасында ҚР Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға жауапты жұмыс тобының жетекшісі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұхтар Сеңгірбай, Ұлттық аударма бюросының бас редакторы: «100 жаңа оқулық» - сана еркіндігінің басты сатысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғам тарапынан кең қолдауға ие болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына биыл екі жыл толып отыр. Бағдарлама бағытының бірі «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма ісін дамытуға серпін беріп, білім мен ғылымға ізденістің мазмұнын да жаңғырта түсті. Осыған байланысты Ұлттық аударма бюросының атқарған жұмыстар нәтижесі туралы Философия докторы (PhD), Ұлттық аударма бюросының бас редакторы Мұхтар Сеңгірбаймен сұхбаттасқан едік.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай