ҰҚК Тараз бен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция аясында еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі криминогендік жағдайға теріс әсер етіп келген ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК дәрілік заттардың контрабандасының жолын кесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 24 маусымында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде шетелден жалған өндіріске қажетті шикізат ретінде көрсетілген дайын дәрілік заттардың ірі көлемінің (таблетка түрінде) контрабандалық жеткізу арнасының жолы кесілді.

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК қызметкерлері азаптау ісі бойынша тергеліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері азаптау ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облысында күдікті Қызыл кітапқа енген гүл тамырларымен ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысындағы Сарқан шатқалы аумағында шекарашылар күдікті көлікті тоқтатып, одан жойылып кету қаупі бар өсімдік түрінің ондаған тамырын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтар оқиғасы – Екі айда табылған қару-жарақ бойынша мәлімет ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы сәуір-мамыр айларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды табу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық туристтер тауға жорық кезінде Қырғызстан шекарасынан заңсыз өткен. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Каспий теңізінде «Бекіре» операциясы басталған 2 айда 128 браконьер ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Каспий теңізінде сәуір айында басталған «Бекіре» операциясы барысында Шекара қызметі 128 құқық бұзушыны ұстаған, деп хабарлайы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шекараны нығайту шаралары туралы баяндады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай