
Қазақстанда мемлекеттік органдардың сервистеріне жасалатын шабуыл 3,5 есе артқан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік органдардың сервистеріне интернет шабуыл 3,5 есе артқан. Бұл туралы Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы Консультациялық үйлестіру кеңесінің бесінші мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ға сілтеме жасап.

Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдерімен онлайн брифинг барысында Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылы Қазақстанда электр энергиясын өндіру артады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Маневрлік қуаттарды дамыту міндетті шарт болып саналады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген полицей марапатталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанайда полиция қызметкерлерін ІІМ-нің медальдарымен және грамоталарымен марапаттау салтанаты өтті. Марапатталғандардың қатарында желіде танымал болған ақтүтек боранда автоколоннаға жол көрсеткен полицей Амантай Байжанов та бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктем-2021: Түркістан облысында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтіп жатыр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілуде. Оқу-жаттығу облыс әкімі аппаратының ахуал орталығынан жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының бас санитар дәрігері өңір тұрғындарына үндеу жолдады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының бас санитар дәрігері карантин шаралары туралы еске салып, өңір тұрғындарынан маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауды, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарға бармауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда бас санитарының жаңа қаулысы: Неге рұқсат беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин шаралары біршама жеңілдеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенованың елордада шектеу және карантин шаралары туралы №8 қаулысы сеп болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл көктемде Қостанай облысының 95 ауылын су басуы мүмкін
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Өңірде су тасқыны маусымына дайындық басталды. Қостанай облысының 95 елді мекеніне су басу қаупі төніп тұр. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде Қостанай облыстық ТЖД бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Біржан Кәрімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ashyq қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» қосымшасындағы қазақстандықтардың жеке мәліметтерін кім көре алады? Бұл сауалға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті цифрландыру басқармасының басшысы Саян Әбдішов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген аудан әкіміне сөгіс жарияланды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалық етуімен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтіп, онда өз қызметтік міндетін орындамаған лауазым иелеріне сын-ескертпе айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ashyq» мобильді қосымшасына қанша қаржы жұмсалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» мобильді қосымшасын әзірлеуге бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай