
Жамбыл облысында департамент басшысы алаяқтық бойынша тергеліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін 649 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушысы болды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ведомство басшысы Серік Шәпкеновтің бұйрығымен Аида Дәденқызы Құрманғалиева ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 мың адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн. 70,3 мың этникалық қазақ келді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтардан желтоқсанды қоса алған аралықта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 99,1 мың адамды құрады, бұл ретте 6 629 азаматқа төлем 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы көпбалалы аналарға 236 млрд теңге жәрдемақы берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемінің жалпы сомасы 236,1 млрд теңге болды. Орта есеппен 392,4 мың отбасы қамтылды. Желтоқсан айында 428,3 мың отбасы жалпы сомасы 22 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Электрондық еңбек биржасында біліктілікке қарайтын 165 мың бос жұмыс орны тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның (ЕРДО) деректері бойынша 2020 жылдың VI тоқсанында Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) біліктілікті талап ететін 165,6 мың бос жұмыс орны және 74,5 мың резюме орналастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы шетелдік жұмыскерлерді тартуға квота жұмыс күші санының 0,31%-ын құрады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға жыл сайынғы квота жұмыс берушілердің қажеттілігі негізінде ағымдағы жылы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ды немесе 29,3 мың адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы еңбек нарығында қандай шаралар қабылданды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты елде карантиндік шаралардың қабылдануы еңбек нарығына айтарлықтай ықпал еткені белгілі. Осыған орай ҚР Үкіметі халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бағытында тиісті қадамдарды жүзеге асырды.

Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталығының қызметін онлайн алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 5 қаңтардан бастап электрондық еңбек биржасы enbek.kz порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтерін қашықтан ала алатын қалалардың тізбесін кеңейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай