
«Жаңа Қазақстанның» бағдары Абай философиясымен толық үндеседі – Ерлан Қошанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жаңа Қазақстанның» азаматы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуы керек. Демек, Президенттің көзқарасы ұлы ойшылдың философиясымен толық үндеседі. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей жұртшылығымен кездесуден бастаған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Референдум Сенаттың ықпалын азайтып, Мәжілістің рөлін арттырады деу қате - депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Референдум Сенаттың ықпалын азайтып, Мәжілістің рөлін арттырады деу қате. Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев республикалық референдумға шығарылатын конституциялық өзгерістер туралы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяси партия құру тәртібі жеңілдетіліп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің партиядан шығуы саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайлар жасайды. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда референдумда дауыс беретін учаскеңізді қалай білуге болады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша 5 маусымға белгіленген республикалық референдум жайында ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды.

Конституциялық түзетулер мен референдум мәні - сарапшылар не дейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін толықтырулар енгізу туралы бастама көтерген болатын. Осылайша, Ата заңның 33 бабына түзетулер әзірленді, бұл - оның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен түзетулер енгізіледі деген сөз. Президент 5 маусымда республикалық референдум өткізу жөнінде жарлыққа қол қойды. Енді Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізіле ме, жоқ па, оны халықтың өзі шешеді.

Ерлан Қарин Конституцияға енгізілетін өзгерістерді беске бөліп түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Конституциялық реформа Президенттің 2019 жылы бастаған бүкіл саяси реформасының қисынды жалғасы болды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің YouTube арнасында Конституцияға ұсынылатын негізгі өзгерістерді түсіндіру кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқының 50 пайыздан астамы – 30 жасқа толмаған жастар - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтардың 50 пайыздан астамы жастар санатына жатады. Алдағы референдум кезінде олардың пікірі маңызды. Осы орайда ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының саяси реформаларды зерттеу бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров жастарды айтулы шараға белсене қатысуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астаналықтар референдумда дауыс беретін учаскесін қалай біле алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 маусымда Қазақстанда жалпы республикалық референдум өтеді. Елорда тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметті онлайн режимде ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандықтардың 66,4 пайызы референдумға қатысады – сауалнама
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сенсек, отандастарымыздың 76,4 пайызы Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы идеясын қолдайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа Қазақстан, ықпалды Парламент, жаңа облыстар − Президенттің 2022 жылғы бастамалары
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басында Қазақстанда жаппай наразылықтар мен тәртіпсіздіктер болып, еліміз елеулі сын-қатерге тап болған еді. Мемлекет басшысы барлық сұхбаттары мен Жолдауында түбегейлі реформаларды бастама етіп көтерді. ҚазАқпарат агенттігі оқырмандарға Президенттің биылғы маңызды реформаларын ұсынады.

Республикалық референдумға шығарылатын мәселелер тізімі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусымда өтетін республикалық референдумда Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесі шығарылатыны белгілі. ҚазАқпарат конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған өзгерістерді қолданыстағы нормалармен салыстырып, шолу ұсынады.

Конституцияға енгізілетін өзгеріс саяси реформаларды жеделдетеді – Атырау өңірлік штабының жетекшісі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қазақстандықтардың көкейінде жүрген саяси реформаларды жүзеге асыруды жеделдетеді. Бұл туралы Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі Атырау өңірлік штабының жетекшісі Гүлзада Шакуликова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Референдумда 11 өңір халқы жақтап дауыс берсе Конституцияға өзгеріс енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 маусымда өтетін республикалық референдум кезінде 17 өңірдің 11-і Конституцияға енгізілетін өзгерістерді жақтаса, онда оң шешім қабылданады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конституцияның 44-бабына өзгеріс енсе, әкімдердің халықпен байланысы артады - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Белсенді азамат» қоғамдық қорының төрағасы Гамал Түзелбаев Конституцияның 44-бабына ұсынылып отырған өзгерістер облыс әкімдерінің халыққа жақынырақ болуына мүмкіндік жасайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқаев: Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, заң үстемдігін күшейту
АНКАРА. ҚазАқпарат - Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркия бизнес өкілдерінің басқосуында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай