Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20
Президенттің екі жылы: Қазақстандағы реформаларға оң баға беріліп жатыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда Президент сайлауы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Содан бері тура екі жыл уақыт болды. Сайлаудан кейін 12 маусымда Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі ұйымдастырылып, Мемлекет басшысы қызметіне ресми кірісті.«Президент ретінде халқымызға мынаны айтқым келеді: еліміздің әр азаматының мүддесін қорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін! Түрлі саяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құнды ұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндетті түрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету. Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз – бір! Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!», - деді Қ. Тоқаев 2019 жылы елордада Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде. «ҚазАқпарат» ХАА Тоқаев президенттігінің екі жылындағы маңызды мәселелерге шолуды ұсынады.
ары қарай
Жоғары қарай