
Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Бүгін Алашорда көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт азаттық Алаш қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы, ғалым Әлихан Бөкейхан дүниеге келген күн, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ахмет Байтұрсынұлының еңбек жолы ЮНЕСКО мандатымен сабақтасып жатыр - Криста Пиккат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросының директоры, Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат Ахмет Байтұрсынұлының адамзаттың рухани әлеміндегі орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ахмет Байтұрсынұлының туған жерінде инфрақұрылымдық жобалар іске асады – Мемлекеттік хатшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туған жерінде инфрақұрылымдық және мәдени-рухани жобалар іске асады. ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған конференцияда осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Париж бен Стамбұлда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Париж бен Стамбұлда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар өтеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік хатшы: Біздің мүдде – ұлттық болмысты сақтай отырып, өркениетті ел болу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Алаш дәуірі мен бүгінгі тәуелсіз Қазақстан кезеңіне ортақ ұлттық мүдденің не екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біз алаш қайреткерлерінің дара жолын басты бағдар етіп ұстанамыз – Ерлан Қарин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ахмен Байтұрсынұлы сияқты жасампаз тұлғалардың еңбегі тәуелсіздік құндылықтарымен тікелей астасып жатыр. Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел межесін еңсерген елші
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақтан шыққан тұңғыш елші – Нәзір Төреқұловтың қоғамдық қызметі мен өміріне терең үңілсек, адал еңбегімен, өнегелі ісімен, адамгершілік қасиеттерімен, ел мүддесі жолында еш аянып қалмастан, тер төге еңбек етуімен, елдестіре білген елшілік қасиетімен өз есімін тарих беттеріне алтын әріппен жазып қалдырғанын байқаймыз.

Петропавлдағы төрт мектепке қазақтың ұлы тұлғаларының есімдері беріледі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы 4 мектепке Смағұл Сәдуақасовтың, Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының және Қажымұқан Мұңайтпасовтың есімдері берілмек. ҚР Үкіметінің қаулысы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алаш партиясының Қырғызстандағы қызметі туралы монография жарыққа шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев пен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Сүйүнбек Касмамбетовтің қатысуымен өткен «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында Халықаралық Түркі академиясы жарыққа шығарған бірқатар еңбектердің тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік тарихшы Әлихан Бөкейхановтың нақты қай жылы дүниеге келгенін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейлік тарихшы-ғалым, Новосібір облысының бұрынғы вице-губернаторы Виктор Козодой тарихи тұлға Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келу мерзіміне қатысты тың деректі бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай