
Қазір банк секторында айтарлықтай тұрақтылық қоры бар - Мадина Әбілқасымова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мадина Әбілқасымова Қазақстандағы банк секторындағы қазіргі кездегі ахуалға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 130 елі «цифрлық салық» жобасына қолдау көрсетті – ЭЫДҰ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемнің 130 елі мен аумағы цифрлық корпорациялардың қызметіне ірі салық салатын және халықаралық компаниялардың салық төлеуден жалтаруын азайтатын реформаға қосылуға келісті. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысында жаңадан мұнай өңдеу зауыты салынуда
ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша облыста кәсіпкерлікті жеңілдетілген пайызбен несиелендіру үшін қабылданған бағдарламамен 60 млрд теңгені құрайтын 316 басым жоба пулы қалыптасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Париждегі ЭЫДҰ штаб-пәтерінде Президенттік жастар кадр резерві таныстырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Париж қаласындағы (Франция) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының штаб-пәтерінде ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару комитетінің 60-шы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЭЫДҰ Қазақстандағы бюджеттік реттеу саласына баға бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-26 қаңтар аралығында «Қазақстан Республикасының бюджетік жүйесіне шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық тәжірибені енгізу жөніндегі стратегия» жобасының аясында Қазақстанда ЭЫДҰ миссиясы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

ЭЫДҰ сарапшылары елорданың халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне оң баға берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының шеңберінде Қазақстанды мониторингтеу бойынша ЭЫДҰ халықаралық сарапшыларына елорданың халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі таныстырылды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне қосылуға дайындық үстінде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл наурыз-сәуір айларында Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялар комитетіне қосылуы бойынша жұмыстар аяқталатын болады. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Астаналық хаб арқылы Орталық Азия өңіріне ЭЫДҰ стандарттарын енгізу жалғасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мемлекеттік қызмет саласындағы өзінің стандарттары мен принциптерін Астаналық хаб арқылы Орталық Азия өңіріне енгізуді жалғастырмақ ниетте. Бұл туралы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменовтің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттік басқару және аумақтық даму мәселелері жөніндегі директоры Рольф Алтермен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның инвестициялық омбудсмен институты қаншалықты тиімді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстан үшін экономикасын одан ары дамытуға жеке инвестиция тарта алу өзекті бола түсуде. Елдегі инвестициялық ахуалды жақсартып, күшейте түсу үшін жайлы жағдай алу керек. Сол кезде отандық та, шетелдік де бизнес өкілдері еліміздің экономикасына қаржы салатындығы сөзсіз. Бұл ретте қаржысын салатын бизнесмендердің барлық жағынан қорғалуы да маңызды бола түседі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай