
Биыл Қытайдың қорғанысқа жұмсайтын шығыны 200 млрд доллардан асады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай билігі 2021 жылы ұлттық қорғанысқа жұмсалатын шығынды 6,8%-ға, яғни 1,355 трлн юаньға дейін (шамамен 209 млрд жоллар) арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы биылғы жылға арналған орталық және жергілікті бюджет баяндамасының жобасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Алматыда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 583 млн теңге грант беріледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сәуірде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жас кәсіпкерлерге 1 000 грант беріледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы автопарктері 400-ге жуық экологиялық автобус сатып алмақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жолаушылар тасымалы саласын дамыту жөніндегі кеңесте қоғамдық көлікті жаңарту, кадр тапшылығын шешу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылық дәрігерлер қаңтарда 1,77 млрд теңге көлемінде үстемеақы алды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында эпидемияға қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлері 1,77 млрд теңге көлемінде үстемеақы алды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұртөре Жүсіп кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қатысты ұсыныс жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздің кітапханалары мен мұрағаттарындағы бірқатар мәселелерді атап өтіп, осы саладағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді сұрады. Ол Сенат отырысында еліміздің Премьер-Министріне осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электр энергетикасын дамыту институты Дүниежүзілік банктен 100 млн доллар тартпақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Дүниежүзілік банктен 100 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат тартуға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«Ashyq» мобильді қосымшасына қанша қаржы жұмсалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ashyq» мобильді қосымшасын әзірлеуге бюджет қаражаты жұмсалған жоқ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық шешімдер департаментінің директоры Бекболат Молдабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алуға шектеулер енгізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алуына шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігіні Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай