
Зейнетақы жинағын алу процесіндегі барлық операциядан комиссия алынбайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақының бір бөлігін алу процесіне қатысты барлық операциясынан комиссия алынбайды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова толығырақ айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін 649 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушысы болды.
Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтар 42 500 теңге алған айда медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov порталында 6 жаңа қызмет іске қосылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін eGov порталында жаңа 6 жаңа қызмет іске қосылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылы 99 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтардан желтоқсанды қоса алған аралықта Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 99,1 мың адамды құрады, бұл ретте 6 629 азаматқа төлем 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы көпбалалы аналарға 236 млрд теңге жәрдемақы берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемінің жалпы сомасы 236,1 млрд теңге болды. Орта есеппен 392,4 мың отбасы қамтылды. Желтоқсан айында 428,3 мың отбасы жалпы сомасы 22 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы берілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында республикалық бюджеттен 366 млрд теңгеден астам қаражат, оның ішінде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге – 291 млрд теңгеден астам қаражат, асыраушысынан айырылу жағдайына – 75 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 7-ші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар саяси бастама көтерді. Бұл бастамаларды Мемлекет басшысының Президент лауазымына кіріскеннен бергі қолға алып жатқан саяси реформалардың үшінші топтамасы десек артық айтқандық емес. Есте болса, реформалардың алғашқы топтамасы аясында партияға тіркеу жеңілдетіліп, партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілсе, екінші топтамада азаптауға, адам саудасына қарсы іс-қимыл және азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнаманы жетілдіру мәселері көтерілген болатын.

Мемлекет басшысы: Әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алда әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда «Кедергісіз келешек» жобасы жанданады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Кедергісіз келешек» жобасы ерекше жандарға қамқорлық көрсету аясында қарқын алады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталығының қызметін онлайн алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 5 қаңтардан бастап электрондық еңбек биржасы enbek.kz порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтерін қашықтан ала алатын қалалардың тізбесін кеңейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай