Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20
Несіпбек Айтұлы: Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз! НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...». Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытұлының осы аталы сөзі орда бұзар отызға толмай тұрып, аға ақын Мұқағали Мақатаевтан бата алған сөз зергері Несіпбек Айтұлына арналғандай. «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған, әр өлеңі әнге сұранған, толғаулары жыраулар сарынымен үндес, қара өлеңнің өрісін кеңітіп, тұлпарға қанат бітірген, эпикалық кең тынысты поэмалары арқылы алаш тарихының алып панорамасын сомдаған көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлының шығармашылығының асыл арқауы ұлт рухының болмыс-бітімімен қабат өріліп, өлеңді кие тұтқан қара орман халықтың бөлінбес ырысы сынды қастерлі құбылысқа айналды.
ары қарай
Жоғары қарай