Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64
Төлеген Қуанышев: Саясаттағы ақын - Фариза апайымның асыл бейнесі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алған болатын. Тұңғыш Президент бұл туралы өз сөзінде: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бүгінгі әңгіме де сол Мәңгілік ел аманатын абыроймен атқарған аңыз адам, абыз адам Фариза Оңғарсынова туралы. ҚР Парламенті Мәжілісі I шақырылымының депутаты, педагогика ғылымының кандидаты, профессор Төлеген Қуанышевпен әйгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова туралы әңгімемізді назарларыңызға ұсынамыз.
ары қарай
Жоғары қарай