
Алматыда Қазақстан мен АҚШ дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Рәпіл Жошыбаев «USAID» америкалық халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің әкімшісі көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пьедрамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде «Valmont Industries» компаниясының президенті Стивен Каневскимен келіссөз жүргізді, деп жазады primeminister.kz.

Капитолийге шабуыл жасаған 53 адамның ісін АҚШ соты қарап жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Колумбия округінің федералды соты 2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ Конгресіне шабуыл жасаған 13 адамға қатысты айыптауды қарастырып жатыр. Тағы шамамен 40 адамның ісі Колумбия округінің Жоғарғы сотына кетті. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» басылымына сілтеме жасап.

Капитолийге шабуыл: АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің пікірі
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың бұрынғы президенттері Барак Обама, кіші Джорж Буш, Билл Клинтон және Джимми Картер сәрсенбі күні Капитолийге жасалған шабуыл мен АҚШ Конгресі ғимараты алдындағы наразылықты айыптады. Осы оқиғалардың салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Politico-ға сілтеме жасап.

Қазақстанда өтетін сайлау батыс үшін неліктен маңызды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан – тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін дамудың өз жолын таңдаған бұрынғы кеңестік социалистік республикалардың арасындағы аздаған елдердің бірі. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісінің бұрынғы бас орынбасары Ричард Э. Хоугланд Вашингтон Таймс газетінде 2020 жылдың 17 желтоқсанында жарық көрген мақаласында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайберген АҚШ президентінің инаугурациясын мерекелеу апталығына қатысады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген АҚШ президенті Джо Байденнің инаугурациясын мерекелеу апталығының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі dimashnews.com ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуроодақ тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналауды бастады. Коронавирустың «британдық» штаммы әлем елдеріне жайылуда. АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтарға материалдық көмек туралы заңға қол қоюдан бас тартты. «ҚазАқпарат» ХАА коронавирусқа қатысты әлемдегі жаңалықтар туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Президенті қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

MTV USA арнасында Димаш Құдайбергенмен сұхбат көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 04.00-де (11 желтоқсан, Нью-Йорк уақытымен 17:00) MTV USA арнасының «MTV FRIDAY LIVESTREAM» бағдарламасында Димаш Құдайбергенмен сұхбаттың бірінші бөлімі шығады. ҚазАқпарат бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай