Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20
Келер жылы пәтер бағасы тағы қымбаттауы мүмкін бе – сарапшылар пікірі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия басталғанда елімізде тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны бірден азайды. Ал осы жылы карантиндік шектеулердің жеңілдетілуіне және зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алуға пайдалану мүмкіндігіне байланысты еліміздің жылжымайтын мүлік нарығына жан бітіп, баспана сатып алу-сату мәміле саны артып келе жатыр. Осы жылдың 10 айында мұндай мәмілелер саны өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда бірден 89,1 пайызға өскен. Бұл жайт баспана бағасының қымбаттауына да алып келгені сөзсіз. Осыған орай «келер жылы баспана құны тағы өсе ме?», «жалпы, жылжымайтын мүлік нарығы қашан тұрақталады?» деген сауалдарымызды Қазақстан Риелторларының біріккен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненкоға қойған едік.
ары қарай
Жоғары қарай