
Қазақстанда әйелдердің 17% физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көрген – БҰҰ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 57 еліндегі әйелдердің жартысына жуығы серіктесімен жыныстық қатынасқа түсу, контрацептивтерді пайдалану немесе медициналық көмекке жүгіну құқығынан айырылған. Бұл туралы БҰҰ Халықтың қоныстану саласындағы қорының (ЮНПФА) «Әлем халқы» баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың Қазақстандағы өкілдігіне сілтеме жасап.

Жамбылдық жұмысшыларға 108 млн теңге жалақы қарызы төленбей келген
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жалақы даулары жолға қойылды. Жамбылда жыл басынан бері 108,1 млн теңге жалақы қарызы өндірілген. Бұл - жылдың басынан бері еңбек инспекторлары анықтаған 733 жұмыскерге тиесілі еңбекақы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 321 кәсіпорнында 6,4 мың жұмыскердің алдында 1,007 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ләззат Рамазанова ШЫҰ-ға мүше елдердің көшбасшы әйелдері алдында сөз сөйледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ташкентте Шанхай ынытымақтастық ұйымына мүше елдердің көшбасшы әйелдері бас қосқан халықаралық форум өтуде. Биылғы форум «Тұрақты дамуды қамтамасыз етуде әйелдердің рөлін арттыру» тақырыбын таңдаған, деп хабарлайды ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның баспасөз қызметі.

Астанада қонақ отбасы тәрбиесіне берілген жетім балалар саны 38% өскен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы екі жылда отбасы тәрбиесіне берілген жетім балалар саны 38% өскен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 жасар жетім баланы мүгедектер орталығына өткізе салуға болмайды – депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 жасқа толған кезде арнайы балалар үйіндегі сәби жетімдер үйіне немесе мүгедектерге арналған арнайы орталыққа ауыстырылады. Бұл бала психологиясына кері әсер етеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Мексикадағы әйелдер құқығын қорғау жөніндегі Жаһандық форумға қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мексика астанасында 29 наурызда онлайн форматта «Тең құқылы ұрпақ: әйелдер құқығы мен тең құқылы болашақты қорғау» Жаһандық форумы басталды. Форумның басты күн тәртібі - бүкіл әлемде гендерлік теңдік және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заңды білсең – зардап шекпейсің: Полицейлердің теріс іс-әрекетіне қайда шағымдануға болады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өз құқығын білген адам әрдайым сенімді жүреді. Әрбір азамат ненің заңды, ненің заңсыз екенінен хабардар болуы қажет. Себебі заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. ҚазАқпарат тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Шаяхметовпен көптің көкейінде жүрген бірқатар мәселелерге байланысты сұхбаттасқан болатын.
Теміртауда мониторингтік топ шағын дүкенді бір айда 18 рет тексерген - депутат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына жолдаған сауалында кәсіпкерлерге қатысты «мониторингтік топтардың» қызметі бойынша мәселені көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйел құқығы: Әлемде және Қазақстанда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 нaурыз – әлемнің көп елінде әйелдердің хaлықaрaлық мерекеcі ретінде aтaлып өтеді. Көктемнің келуімен, Жер Aнaның қaрдaн aршылып, Күннің шуaғы жер жүзіне тaрaйтын cәтіне әйелдер мерекеcінің қaтaр келуінде cимволдық мән де бaр, деп жазады strategy2050.kz.

ДДСҰ Еуропалық бюросы пандемия кезінде гендерлік теңсіздіктің күшейгендігін мәлімдеді
СТОКГОЛЬМ. ҚазАқпарат - Пандемия Еуропадағы құрылымдық гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек дауларын реттеу түйткілді мәселеге айналды - Жамбыл облысы
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Соңғы кездері Жамбыл облысындағы ірі кәсіпорындарда еңбек даулары жиі байқалуда. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында осы мәселеле туралы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі жұмысшылардың үштен бірі оқыс жағдайлардан сақтандырылған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті Ольга Перепечинаның төрағалығымен «Сақтандыру нарғының даму келешегі. Өмірді сақтандыруды реттеу және дамыту бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай