
Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді. Сонымен қатар архив қорын көбейту мақсатында арнайы жобалар қолға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Аақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің қазаққа бергені көп – тарихшы Жаңабек Жақсығалиев
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толатыны белгілі. Осыған орай М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев ҚазАқпарат тілшісімен өз ой-толғамдарымен бөлісті.

Мажарстан өкілдері «Бозоқ» қалашығын зерттеуге қолдау көрсетпек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Бозоқ көне қалашығының археологиялық қазба жұмыстары негізінде ашық аспан астындағы ұлттық парк құру» жобасын іске асыру аясында Мажарстан Халық Республикасының өкілдерімен кезекті кездесті.

Максим Споткай: Жастардың көп тілді білгені – жаман емес
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады», - дейді. Тілге, дінге, этносқа бөлінбейтін ұлт ретінде мерейтойымызды қарсы алайық. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай ҚР Президентінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына орай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүнгендер қауымдастығының мүшесі: Елдің бірлігі – басты байлығымыз
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуі - бұл қосымша тағы бір тілді меңгеру деген сөз. «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Динара Нұралиева ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына орай осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірлікке негізделген халқымыз үйлесімдігін бағалай білуіміз керек - Виктория Трегубова
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірлікке негізделген халқымыздың үйлесімдігін бағалай білуіміз керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшесі, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының баспасөз хатшысы Виктория Трегубова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаһар Дадашев: Тәуелсіз елдің басты табысы – ынтымақ пен береке
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына қатысты Қызылорда облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Қаһар Дадашев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сатыбалды Нарымбетов: Болашағымыз жарқын болуы үшін тарих парақтарын жиі ақтару керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында тарихи тақырыптағы фильмдерді қолдау мәселесі қозғалды. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтың пікірінше, мұндай фильмдер заманауи Қазақстанның одан әрі дамуы үшін қажет, сондай-ақ болашақ өскелең ұрпақ үшін, тіпті әрқайсымыз үшін маңызды рөл атқарады.

Мұстафа Шоқай және «Яш Түркістан»
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін - бар ғұмырын Түркістанның тәуелсіздігі мен тұтастығына арнаған Мұстафа Шоқайдың туған күні. Ескіше 1890 жылдың 25 желтоқсанында, жаңа күнтізбе бойынша 1891 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келген Алаш ардақтысының 130 жылдығына орай Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаланы ұсынып отырмыз.

Алматының тарихи орталығында құрылыс жүргізуге тыйым салынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн кездесу барысында құрылыс компанияларының, кәсіби қауымдастықтар мен қаржы ұйымдарының өкілдерімен Алматыдағы құрылыс нарығының даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай