
Павлодарда жылумен жабдықтауды тұрақтандыру жоспарына жұртшылықтың ұсынысы енгізіледі
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда жылыту маусымының проблемалары бойынша қоғамдық комиссия құрылып, оған қаланың бұрынғы басшылары, тәжірибелі жылу берушілер, сарапшылар, пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары және депутаттар кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қарағандыда жылымай отырған үйлер: Жылумен жабдықтау температурасы көтерілді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыны жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-3 белгіленген режимге шыға бастады. Бүгінгі таңда қаланың көптеген аудандарында орталық жылумен жабдықтау температурасы жақсарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғарда резеңке дөңгелек өртеп құбыр жылытқандардың ісі тексеріледі - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Алматы облысының Талғар ауданындағы құбырды жылыту үшін көліктің резеңке дөңгелегін өртеген адамдардың ісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы алдағы аязды күндерге дайын ба
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында осы аптада синоптиктер қатты аяз болады деп болжап отыр. Температураның төмендеуіне байланысты өңір басшысы Жеңіс Қасымбек жылу көздерінің жұмысына бақылауды күшейтуді тапсырды. Ол тұрғындардың шағымына жедел жауап беруді талап етті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысындағы екі елдімекенге таза ауыз су берілді
АРЫС. ҚазАқпарат – «Тұңғыш Президент күніне» орай Түркістан облысындағы Көкжиде және Аққала елдімекендерінде таза ауыз су берілді. Арыс қаласына қарасты ауылдарда өткен салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Қадырбек қатысып, жергілікті халықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Павлодардың жылу орталығындағы апатты тексеруге тәуелсіз сарапшылар тартылады
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 27 қараша күні қаладағы бірінші жылу орталығында болған апаттың себебін анықтау мақсатында кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай