
Шуда 9 жасар екі баланы зорлады деген күдікті мешіт қызметкері емес – ҚМДБ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында екі жеткіншекке жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппын ұсталған күдіктінің мешіт қызметіне қатысы жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы Қазақстаннан 3 мың адамға қажылық парызды өтеуге рұқсат берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстаннан қажылық парызды өтеуге 3 мың адамға рұқсат берілді. Осындай келісім Сауд Арабиясы Корольдігінде (САК) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесуінде жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркітілдес елдердің мүфтилер алқасы бірқатар бастама көтере алады - Наурызбай қажы Тағанұлы
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркітілдес мемлекеттердің мүфтилер алқасы рухани-діни консультативтік-кеңесші орган ретінде бірқатар бастамаларға мұрындық бола алады. Бұл туралы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан қаласында өтіп жатқан «Мүфтилер алқасында» мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда бас қосқан дін қайраткерлері жаһан жұртын ізгілік жолына жұмылдыруға сүбелі үлес қосады - Президент
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркістан қаласында өтіп жатқан «Мүфтилер алқасы» мен «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына құттықтау хат жолдады. Хат мәтінін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда түркі мемлекеттерінің мүфтилері бас қосты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда «Ислам өркениетінің дамуына түркі халықтарының қосқан үлесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Келелі басқосуда түркітілдес елдердің ортақ мұраларын дәріптеу мен Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау мәселелері талқыға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік мұсылмандар қауымының кеңесі Швецияда Құран кітаптың өртелуін сынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік мұсылмандар қауымының кеңесі Швецияда Құран кітаптың өртелуін сынап, діни рәміздерді құрметтеу керектігін, діндер мен храмдарды қорлау арқылы өшпенділікке жол бермеу қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің WAM жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рим Папасы Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рим Папасы Францинск Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рим Папасы Францискпен бейнебайланыс режимдегі келіссөзі барысында белгілі болды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Діни басқарма өкілі оқушылардың ораза ұстауына қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында мектеп оқушыларының ораза ұстауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай