
Сенаторлар ғылыми саланы жетілдіру мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Депутаттар бүгін Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында ғылым мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылады. Отырысқа сенатор Нариман Төреғалиев төрағалық етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдығына арналған симпозиум өтіп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстандағы механизмдер мен машиналар теориясы ғылыми мектебінің негізін қалаушы, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Болашақ механикасы» атты халықаралық Жолдасбеков симпозиумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік «Арктика М» спутнигі ұшырылды
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – 28 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:55-те Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Фрегат» үдемелі блогы бар Союз-2. 1б» зымыран-тасығышы ұшырылды. Бұл аппараттар ресейлік «Артктика-М» гидрометеорологиялық спутнигін орбитаға шығарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Гендерлік экономиканы зерттеу орталығы: Әйелді тәуелді ететін басты фактор – үй жағдайындағы ақысыз еңбек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы бірнеше онжылдықта елдердің көшбасшылары экономика болсын, әлеуметтік сала болсын өмірдің барлық саласында ерлер мен әйелдер арасында теңгерімділікке және тең құқылыққа қол жеткізуге тырысуда.

Ұлттық біліктілік тестілеуде ереже бұзған мұғалімдер көбейді - Тестілеу орталығы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Педагогтер арасында Ұлттық біліктілік тестілеу басталған күннен бері 349 мұғалім ереже бұзып үлгерген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирусқа 2 млн талдау жасалған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық сараптама орталығының зертханаларында коронавирус инфекциясына 1,9 млн зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 66 мыңнан астам сынама оң нәтижемен шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайда коронавирусқа қарсы 16 вакцина клиникалық сынақтан өтеді
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирусқа қарсы 16 вакцина клиникалық зерттеуден өткізуге мақұлданды, оның алтауы сынақтың үшінші кезеңіне жетті. Бұған ҚХР Дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметтері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Салық Зиманов заң ғылымдары докторы дәрежесін алған алғашқы қазақ - Ералы Тоғжанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салық Зиманов – қазақтың билер сотының теңдесі жоқ институт екенін дәлелдеген ғалым. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихшылар ашаршылық кезеңін шынайы құжат негізінде объективті зерттеуі керек - Еркін Әбіл
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылған мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы: Салық Зимановтың мол мұрасы ел игілігіне айнала береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зимановтың 100 жылдығына арналған «Салық Зиманов: азамат, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін (1921-2011) қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік пен рухани келісім сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салық Зимановтың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақшаны ғылым тіліне айналдыруға бағытталған арнайы база құрылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық база құрылады. Мұндай жоспарды Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде вице-министр Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Британияда жастарға коронавирус қасақана жұқтырылатын болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британия жастарына коронавирус қасақана жұқтырылатын болады. Коронавирус қандай қан тобындағы адамдарға жиі жұғады? Әлемдегі жаңалықтар жөнінде Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Қазақстан Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір жаңа штамы табылды
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың тағы бір алаңдаушылық тудыратын нұсқасы Ұлыбританиядан табылған. B1525 деп аталатын нұсқа 10 елде, соның ішінде Дания, АҚШ және Аустралияда геномды тізбектеу арқылы анықталды. Эдинбург университеті зерттеушілерінің айтуынша, Ұлыбританияда осы уақытқа дейін 32 жағдай табылған. Короновирустың бұл нұсқасын анықтау процесі алғаш рет желтоқсан айында Ұлыбритания мен Нигерияда жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Eminetra басылымына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай