
Архимед Мұхамбетов жергілікті театр әртістерімен кездесті
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып, ұжымды 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қазандықтары арнайы тексеруден өтеді
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдан кейін шығыс қаһарына мінген сарышұнақ аяз Семей қаласы жылыту желілері үшін нағыз сынақ болды. Аяздың беті әлі қайтпағандықтан, қала тұрғындары тарапынан шағымдар көбейіп, мәселе күрделене түсті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жұмыспен қамтудың жол картасы: Қарағанды облысында биыл 19 ірі жоба іске асырылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қарағанды облысында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы оң нәтиже берді. Биыл оны жүзеге асыру жалғасады. 2021 жылға 19 ірі жоба жоспарланған. Шамамен 1 200 жұмыс орны құрылады, олардың жартысы тұрақты. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ауысты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жәнібек Нұржанов Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне басшы болып тағайындалды. Әбілқайыр Сқақов жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыны жылумен жабдықтау мәселелі қалай шешілмек
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қалалық әкімдікте өткен кеңесте Қарағандының жылумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кеншілер шаһарын жылыту мәселесін шешу үшін ЖЭО-3-тен үшінші жылу құбырының құрылысы және жылу желілерін оқшаулауға қаражат бөлу ұсынылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы санэпидбақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Юрий Залыгин Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Жеңіс Қасымбек онлайн режиміндегі аппараттық кеңесте таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшалардағы азық-түлік шығындарын субсидиялайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшаларда балаларды тамақтандыруға төлейтін ата-аналардың шығындарын өтейтін болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай