
Қостанай облысында демалыс күндері қандай шектеулер енгізіледі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі республикалық ведомствоаралық комиссияның ұсынымы бойынша Қостанай облысында екі апта мерзімге карантин енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында мемқызметтердің 91 пайызы электронды форматқа көшірілді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қостанай облысында мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы электронды түрде көрсетілді. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Ескендіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда басшылық лауазымдағы 14 мемқызметші жауапқа тартылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметкерлердің көбі басшылық лауазымдарды атқарады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Ескендіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы бақылаудың арқасында 300 млн теңге үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пандемия кезінде кәсіпкерден 14 млн теңге пара алған шенеунік сотталды – Қостанай
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды. Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысында алимент төлеуден қашып жүрген екі адам қамауға алынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балаларына бірнеше жылдан бері алимент төлемеген екі азаматтың әрқайсының 2 миллион теңгеден астам қарызы бар. Бұл туралы ҚазАқпарат Қостанай облыстық жеке сот орындаушылары аймақтық палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында былтырғы бюджеттің 3 млрд теңгесі игерілмей қалған
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Былтыр Қостанай облысында бюджеттің 3 млрд теңгеге жуық қаражаты игерілмей қалған. Облыстық мәслихат депутаттарының келісімімен бұл сома биыл түрлі қажеттіліктерге қайта үлестірілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысына коронавирусқа қарсы 1300 вакцина әкелінеді
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының архивіне Татарстаннан құнды құжаттар әкелінді. Сонымен қатар архив қорын көбейту мақсатында арнайы жобалар қолға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Аақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай