
Ұлытау ауданына жаңа әкім тағайындалды
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбектің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ұлытау аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Советбек Медебаев Ұлытау ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны активке 2 наурызда өңір басшысының орынбасары Абзал Нүкенов таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында боранды күні шығып кеткен ер адамның денесі табылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал ауылының маңында боран кезінде ер адам көз жұмды. Ол кеше түстен кейін боранға қарамастан қыстақтан шығып кеткен. Бүгін ТЖД қызметкерлері даладан оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртаудағы жағдай: Жеңіс Қасымбек «АМТ»-ны қатаң сынға алды
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – «АрселоМиталл Теміртау» ЖЭО-2 жұмысын бірнеше мемлекеттік орган тексереді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміртаудағы жағдай бойынша өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысында алимент төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары Қарағанды облысы Әділет департаментінің көмегі негізінде алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Теміртаулықтар жылусыз қалды: Әкім тұрғындардан кешірім сұрады
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау тұрғындары аязда жылусыз қалды. Мұның себебі қаланы жылумен қамтамасыз ететін ЖЭО-2 жөндеу деп аталды. Келтірілген қолайсыздық үшін Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов тұрғындар алдында кешірім сұрады. Мамандар екі қазандықты сағат 11.00-де және 13.00-де қосуға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандылық психологтар педофилдің жалпы портретін жасады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД психологиялық қызметінің қызметкерлері өз зерттеулерін жүргізді. Мамандар сексуалдық сипаттағы қылмыстары үшін сотталған қылмыскерлердің белгілі бір ұқсастығын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлытау ауданында боранда адасқан әке мен бала аман табылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 38 жастағы ер адам мен оның 16 жасар баласы жоғалып кетті. Олар 24 ақпанда Жангелдин ауылдық округінің қыстағынан трактормен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі жастардың кәсіп ашуына 2 мың өтеусіз грант бөлмек
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанда облысының әкімі жастардың кәсіп ашуына 2 мың өтеусіз грант бөлгелі отыр. Бұл туралы Қарағандыда облыстық мәслихат депутаттарының өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысына байланысты өткен жиын барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысы: Жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шет ауданында жедел жәрдем көлігі автожолда қар құрсауында қалып қойды. Дәрігерлер ауылдан қалаға инфаркт алған ер адам мен босану мерзімі жеткен жүкті әйелді алып келе жатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысының автожолдарында 60-тан астам адам құтқарылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы автожолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелген. Алайда соған қарамастан алыс жолға шыққандар бар. Өңірдің ТЖД, полиция және әскери қызметшілері жолда қалып қойған 60-тан астам адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы: емханалар 12 млрд теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмек пен медбұйымдар сатып алады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қарағанды облысының емханалары 12,8 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алады. Тегін дәрі-дәрмектер тізіміне МӘМС пакетінен төленетін жаңа препараттар кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай