Елордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінде жас жауынгерлер салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Елордада орын тепкен әскери бөлімнің қатарын биыл 118 жас сарбаз толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық ұланыныңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электр энергиясын орынсыз пайдаланғаны үшін «Астана АЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен оның бірқатар бағынышты қызметкері сотталды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кездесуде елорда әкімі Елбасына қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда кәсіпкерден пара алған шенеунік 42 млн теңге айыппұл төлейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы 21 қаңтарда жеке компания директорынан пара алғаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының бөлім басшысы Е.А.Наурызбаевқа 42 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы AntikorNEWS алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтанда карантин режимін бұзушыларды анықтау жалғасуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арнайы мобильдік топ мекеме иелері мен келушілердің карантин режимін жүйелі түрде бұзушылығын анықтау жұмысын жалғастырып келеді. Санитарлық талаптарды елемеген ықылассыз азаматтар қала тұрғындарының басын қатерге тігіп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін елордада бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн өтеді. Бұл туралы Білім басқармасына сілтеме жасаған қалалық әкімдіктің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада түнде істеген компьютер клубында 70-тен астам адам болған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Құрамында полиция, әкімдік, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері бар мобильді топ карантин режимін сақтамау фактісін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылы күндізгі стационарда 1 млн-нан астам адам емделді – Болат Төкежанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы амбулаториялық деңгейде халыққа 215 миллионға жуық қызмет көрсетілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Медициналық сақтандыру жүйесі кімдерді қамтыды – Басқарма төрағасының жауабы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қорытындысы бойынша халықтың 85% -ы, яғни 15,9 млн адам медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай