Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Notice: Undefined offset: 1 in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/application/views/Lenta/section_articles.php on line 18
Астана іргесіндегі Тәуке ханның ордасы: Тарихи ескерткішті сақтап қалу маңызды АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл шілде айында Астананың 20 жылдығына арналған жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың дәл маңындағы Күйгенжарда Тәуке ханның жазғы ордасының орны табылғанын айтқан еді. «Астана ел қамын жеген Едігеден бастап Әз-Тәукеге дейінгі қазақ хандарының ордасы болған. Менің тапсырмам бойынша зерттеу жүргізген астаналық археологтар Есілдің бойындағы Күйгенжар ауылының тұсынан Әз Тәуке ханның жазғы ордасының орнын тапты», - деді Елбасы. Түркістанды қыстап, Арқаны жайлаған қазақ хандарының ізімен Күйгенжарда жазғы ордасын тіккен Әз Тәуке ханның ізі қалған жердің табылуы, расында да, ғажап та қуанышты жаңалық. Ал осынау хан ордасының орны қалай табылды? Нақты қандай дәлелдер тарихшылардың тұжырымына негіз болып отыр? Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Жамбыл Артықбаевпен бірге Күйгенжарға арнайы барған сапарымызда оқырман қауымға осы сұрақтардың жауабын білмекке бекіндік.
ары қарай
Жоғары қарай