
«Самұрық-Қазына» 2021 жылға арналған тәуекелдер картасын әзірледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» ұлтттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның Құқықтық сүйемелдеу және тәукекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко онлайн-брифинг өткізіп, Қор 2020 жылғы қауіпті тәуекелдерді қалай еңсергенін, пандемияның салдары келесі жылы қандай тәуекелдер тудыратынын түсіндірді. Сондай-ақ, Кравченко «Самұрық-Қазына» қоры 2021 жылға арналған тәуекелдер картасы әзірленгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стати ісі: «Самұрық-Қазына» акцияларына уақытша тыйым салу ұйғарымы қайта қаралатын болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерланд Корольдігінің Жоғарғы соты Стати ісі шеңберінде Қазақстан пайдасына шешім шығарып, KMG Kashagan B.V. компаниясындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның акцияларына уақытша тыйым салу бойынша ұйғарымды қайта қарауды үкім етті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Асқар Мамин «Digital Samruk-2020» конференциясына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Цифрлық трансформация: өндірістік инновациялар мәдениеті» тақырыбындағы «Digital Samruk-2020» конференциясына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде әлеуметтік маңызы бар 500 жоба жүзеге аспақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әлеуметтік маңызды 500 жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы қордың корпоративтік қызметінің жетекшісі Мирас Іргебаев Донорлар форумында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Самұрық-Қазына» бес нысанды Түркістан облысының әкімдігіне тегін тапсырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында ауқымды құрылыс жұмысын жүргізген «Самұрық-Қазына» қоры әлеуметтік маңызы бар бес нысанды облыс әкімдігіне тегін тапсырды. Жаңадан салынған нысандардың қатарында Х.А. Яссауи мұражайы мен орталық стадион, Оқушылар сарайы мен Конгресс-холл және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысының ауруханалары жедел жәрдем көлігімен және жабдықтармен толықты
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы медициналық мекемелер қажетті жабдықтармен және жедел жәрдем көлігімен толықты. Бұл шаралардың барлығы өңірдегі жұқпалы аурулармен, соның ішінде COVID-19 коронавирус инфекциясымен күреске пайдаланылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда жаңа өндірісті қолдайтын сайт ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер svoyzavod.kz сайтында жаңа өндірістер құру бағдарламасына қатыса алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Самұрық-Қазына» дәрігерлерге 100 жедел жәрдем көлігі мен 1000 оттегі концентратын береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 індетіне қарсы күресте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай