
Қазақстанда бизнес ашуға қатысты шығынды төмендетуге бағытталған құжат әзірленуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бизнесті ашу мен жүргізуде шығындарды төмендетуге бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылыққа атсалысатын бизнес өкілдеріне түрлі жеңілдіктер берілуі тиіс - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайырымдылық шараларына атсалысатын бизнес өкілдеріне түрлі жеңілдіктер берілуі тиіс. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Карантин: Келесте мониторинг тобы 1 мыңға жуық нысанды тексерген
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен мобильді топтардың жұмысы күшейтілген болатын. Карантин кезінде белгіленген жұмыс кестесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау әлі де кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы бизнес жүргізуден көш бастап тұр
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайын дүниежүзі мемлекеттерінің бизнеске қолайлығы бойынша «The World Bank Doing Business» рейтингі жасалады. Онда Қазақстан 190 мемлекеттің арасында 25-орында тұр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Архимед Мұхамбетов: Жергілікті шаруа қожалықтарын дамытуымыз қажет
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ірі ет өңдеу зауыты іске қосылады. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов жаңа салынып жатқан нысанға барып, құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпкерлер жұмысына кедергі келтіретіндерге жаза күшейтілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Енді құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Бұл туралы «Antikor ortalygy» алаңында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда бизнеске қаржылай қолдау көрсету үшін 12,2 млрд теңге бөлінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматыдағы ШОБ-ты қолдау және өнеркәсіпті дамыту, «Almaty Business-2025» бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО: Карантинде медқызметкерлерді тамақпен, жатын орынмен қамтыған кәсіпкер марапатталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында карантин уақытында медициналық қызметкерлерді мейманханасына тегін орналастырып, ыстық тамақпен қамтамасыз еткен кәсіпкер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті кедендік реттеу және кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты заңға қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Руслан Дәленов: Мақсат - 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесін 35% жеткізу
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті қолдау мен қорғаудың бірқатар мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай