
Зейнетақы жинағына баспана алу: 60 мыңға тарта арнайы шот ашылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отбасы банкінде» зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 60 мыңға тарта арнайы шот ашылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азаматтар зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда пайдалана алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы жылдың 21 қаңтарында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бір жолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелерін бекітті. Министрліктің құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев ОКҚ алаңында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздегі ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарына 5,7 млн теңге айыппұл салынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыстық орталықтарындағы микроқаржы ұйымдары мен ломбардтардың қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Президент бастамалары мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген - сарапшы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің ұсынған және жүзеге асырылған бастамаларының басым бөлігі мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс тетіктерін жетілдіруге негізделген. Бүгін ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент бастамалары партиялар жұмысын жандандырады - Төлеутай Рақымбеков
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттар партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Төлеутай Рақымбеков Президент бастамаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 7-ші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар саяси бастама көтерді. Бұл бастамаларды Мемлекет басшысының Президент лауазымына кіріскеннен бергі қолға алып жатқан саяси реформалардың үшінші топтамасы десек артық айтқандық емес. Есте болса, реформалардың алғашқы топтамасы аясында партияға тіркеу жеңілдетіліп, партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілсе, екінші топтамада азаптауға, адам саудасына қарсы іс-қимыл және азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнаманы жетілдіру мәселері көтерілген болатын.

Мәулен Әшімбаев: Сенат Президент бастамаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай